Бас санитар дәрігер QazVac туралы қаулыға қол қойды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов QazVac вакцинасы туралы қаулыға қол қойды,  деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 31.07.2021 жылғы №34 Қаулысында былай делінген:

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД №28) мынадай толықтыру енгізілсін:

1) ҚР БМСД №28 мынадай мазмұндағы 58-1-тармағымен толықтырылсын:

«58-1. QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыда. Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады.

Вакцинасы бар көп дозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адамдар болған кезде ұсынылады.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді».

 

Сондай-ақ...