Қазақ қызы жойғыш ұшақты тізгіндеді

Қазақ қызы экипаж командирі атанды.

Аға лейтенант Ардана Ботай бүгін Су-30СМ көпфункционалды жойғышын тізгіндеп, арнайы емтихан тапсырды.

Айта кету керек, Қарулы Күштері тарихында тұңғыш рет жауынгерлік ұшақты экипаж командирі ретінде әйел адам орындады.

Қазақстандағы әскери авиацияның жалғыз әйел ұшқышы Қарағанды әуе базасында қызмет етеді. Ол бірнеше ай бойы Талдықорған қаласында  арнайы оқудан өтті. Жоғары маневрлі жойғыш ұшақпен ұшуға рұқсат алу үшін бірнеше ай бойы теориялық білім алып, бейімделген құрылғыларда жаттыққан.

Ардана Ботай:

– Кәсіби тұрғыда қалыптасуыма жасаған үлкен қадам болды. Алдағы мақсатым – біліктілігімді жетілдіріп, жер үстіндегі, әуедегі мақсаттарға және топтық ұшуларға машықтану. Көбірек даярлық бағдарламасына қатысу.

Су-30СМ – көпфункциональды жойғыш ұшақ. Ол кез келген ауа райында, күндіз де, түнде де ұшады. Әуеде барлау жүргізуге сондай-ақ аспандағы, жердегі, теңіздегі нысандарды жоюға арналған.