Арқалық алдағы жылу беру маусымында қымбат мазуттың орнына көмір жағады

Арқалықта екі жылдан бері жаңа қазандықтың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құны жеті жарым миллиард тенгеге бағаланған жоба биыл қазан айына дейін аяқталуы тиіс. Яғни алдағы жылу беру маусымында бағасы қымбат мазуттың орнына көмір жағатын болады. Қажетті отын қорына келісімшарт та жасалған. Қаланы жылытуға айына 48 мың тонна қөмір жұмсалады екен. Ақшаға шаққанда бір маусымға шамамен 700 миллион теңге кетеді. Ал мазут шығыны 2 миллиард тенгеден асып түсетін. Алайда жаңа қазандықтың қыс сынағына қалай төтеп берерін дәл басып айту қиын. Сондықтан әзірге мазуттан толық бас тартпаймыз дейді жергілікті билік өкілдері.