Ақтөбелік зейнеткер өз үйінің ауласын баққа айналдырған

Лидия Танкаева өз қолымен 150-ге жуық тал көшеті мен гүлдің алуан түрін еккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның арасында Таяу шығыс пен жапон аралдарында өсетін ағаштар да бар.

Лидия Танкаева өзі тұратын үй айналасын жасыл желекке айналдыруды жеті жыл бұрын қолға алған. Содан бері Ақтөбе мен көрші өңірлердің тәлімбағында өсетін ең әдемі тал көшеттері мен гүлдерді екен. Тіпті, жергілікті жерге жерсінуі қиын түркиялық катальпа және жапон сакурасын отырғызған. Нәтижесінде зор күтімнің арқасында сирек кездесетін сұрыптың да бой алғанын көргенде қуанышында шек болмапты.

Лидия Танкаева, қала тұрғыны:

– Гүл мен тал-терек отырғызуды жастайымнан жақсы көремін. Сондықтан осы үйдің де ауласында бақ болғанын қаладым. Өйткені өзің тұратын жердің әдемі боп жайқалғаны жақсы емес пе?! Бірақ бәріне күтім қажет. Әйтпесе, еңбегің зая кетуі әбден мүмкін.

Лидия әжей 40 жылға жуық тамақ өнеркәсібінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ал бау-бақша ісімен айналысуға мектеп жасында-ақ құмартқан. Соңғы жеті жыл ішінде көрші орналасқан көп қабатты екі үйдің ауласында 150-ге жуық тал көшеті мен өзге де өсімдік түрлерін еігіпті. Оның арасында шетен, талшын, шырша, шие, өрік, долана ағаштары, қырыққұлақ сынды гүлдер де бар.

Лидия Танкаева, қала тұрғыны:

– Бақтың қоршаған орта мен адамдарға пайдасы зор. Сондықтан ынта болса, қаланың саябақтары мен орталық даңғылдарын да жасыл желекке айналдыруға болады. Тек бұл істе жауапкершілік және табандылық керек.

Бүгінде түрлі-түсті өсімдікпен жайқалған аулаға қызығушылар көп. Зейнеткердің еңбегін көршілері де үлгі тұтады. Әжейге бақты суаруға көмектесетін ойын балалары да тал жемістерін жегенімен шыбықтарын сындырмай, жапырақты жұлмауды үйреніпті.

Бақыткерей Үмбетов, аула күзетшісі:

– Жазғытұрымнан бастап, күзге дейін осылай болады. Егеді, шөбін жұлады, бәрін өзі қарайды. Осы кісіден үйрендім.

70 жастағы кейуананың әлі де сирек кездесетін тал-теректі отырғызбақ ойы бар.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев