425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Фейк: Ивермектин – вирустың барлық түрлеріне көмектесетін дәрі

  • 181
  • UPD: 15:34, 01.08.2021
Фейк: Ивермектин – вирустың барлық түрлеріне көмектесетін дәрі stopfake.kz

Ивермектин – бұл паразитке қарсы дәрі. Оны көп жағдайда ветеринарияда экто-және эндопаразиттерден құтылу үшін қолданылады, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Оны адамдарға паразиттер тудыратын ауруларды емдеу үшін тағайындайды. Мұндай аурулар қатарына онхоцеркоз (өзен соқыр), стронгилоидоз және топырақ арқылы берілетін басқа гельминтоздар жатады. Сондай-ақ, препарат қышыманы емдеу үшін де пайдаланылады.

Қазіргі уақытта дәрі COVID-19 емдеу үшін клиникалық зерттеулерде қолданылады. Ол барлығы 16 рандомизацияланған бақыланатын сынақта пайдаланылды, оған 2407 адам қатысты. Ұсыныстарды әзірлеу тобы осы сынақтардың нәтижелерін талдады. Ол тәуелсіз халықаралық сарапшылар ұжымы болып табылады, оның құрамына клиникалық медицинаның әртүрлі салаларының мамандары, сондай‑ақ этика жөніндегі маман және серіктес пациенттер кіреді.

Қатысушылардың саны аз болғанын ескере отырып, топ өлім‑жітімді азайтуға, өкпені жасанды желдетуге қажеттілікті азайтуға, ауруханаға жатқызуға деген қажеттілікке, сондай-ақ ивермектинді қабылдау аясында COVID-19 жұқтырған науқастардың клиникалық жақсаруына дейінгі уақытқа әсер ететін ақпараттың сенімділік деңгейі өте төмен деген қорытындыға келді.

ДДСҰ клиникалық сынақтарға қатыспайтын сырқаттанушылық деңгейіне қарамастан COVID-19 жұқтырған пациенттерге ивермектинді қабылдамауға кеңес береді.

Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) да КВИ емдеу және алдын алу мақсатында осы препаратты қабылдауға қарсы.

– FDA COVID-19 емдеу немесе алдын алу үшін ивермектинді қолдануды қолдайтын деректерге талдау жүргізген жоқ. Алайда, кейбір бастапқы зерттеулер әлі де жалғасуда. Препаратты мақсатсыз қабылдау өте қауіпті болуы мүмкін, – делінген агенттік сайтында.

Ивермектин жүрек айну, құсу, бас айналу, бұлшықет және бас ауруы сияқты жанама әсерлерді тудыруы мүмкін. Шамадан тыс қабылдаған жағдайда тыныс алу проблемалары, үйлестірудің жоғалуы, құрысулар, аяқ-қолдардың әлсіреуі және әлсіздік пайда болуы ықтимал.

Осылайша, бүгінгі күні ивермектин ауруды тудырған вирустың нұсқасына қарамастан, COVID-19 емдей алады деп айтуға толық негіз жоқ. Бұл препаратты бақылаусыз қолдану айтарлықтай жанама әсерлер тудыруы және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы