ШҚО-ның шалғай аудандарында тәулігіне 300-ге жуық адамнан вирус анықталады

Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы екпенің екінші компонентін алғандар саны 300 мыңға жуықтап қалды. Дегенмен, өлкеде күн сайын індеттің өршуі байқалады. Соңғы уақытта тәулігіне 200-300 адамнан COVID19 анықталып тұр. Сондықтан мамандар елге екпеден қашпауға кеңес беруде. Бұл тұрғыда әсіресе шалғайдағы жұрттың белсенділігі жақсы.

Мәселен, Тарбағатай ауданында вакцина алуға ниет білдіргендер көп.

Мұндағы дәрігердің айтуынша, күн сайын екпе кабинеттерінің алды босаған емес. Ауданда кәдімгі екпе салу кабинетімен қатар жылжымалы мобильді пункттер де қызмет көрсетеді. Дегенмен, вакцинаның тиімділігіне сенімсіздікпен қарайтындар баршылық. Бұл әсіресе созылмалы дерті бар адамдар үшін қауіпті болып тұр.

Алмагүл Аштаева, Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігері:

- Тарбағатай ауданы бойынша вакцина қарқынды жүріп жатыр. Ақсуат регионы бойынша 3837 кісі бірінші компонентпен, 2498 кісі екінші компонентпен егіліп отыр. Бізде ауруханада жатқан кісілердің бәрінің қосалқы диагноздары бар, біреуі қант диабетімен, біреуі қан қысымымен, жүрек талмасымен есепте диспансерлік есепте тұратын кісілер осы кісілер вакцина алмағандықтан жұқтырып, ауруханада ауыр халде коронавируспен ауыр халде жатқан жайлары бар.