425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сайрам ауданында жыл соңына дейін 25 ауылда жол жөнделеді

  • 134
  • UPD: 17:45, 01.08.2021
Сайрам ауданында жыл соңына дейін 25 ауылда жол жөнделеді

Түркістан облысының Сайрам ауданында жыл соңына дейін 25 ауылда жол жөнделеді.

Сонымен қатар көшелерді жарықтандыру жұмыстары қолға алынды. Жобалардың кейбірі жүзеге асырылып қойған. Мәселен, 4 ауылдық оркугті аудан орталығымен жалғайтын жол жаңартылды. Бұрын тұрғындар қарға адым жердегі елді мекенге бару үшін де шұрық-тесіктерді кесіп өтетін. Жүйкені жұқартқан жол мәселесі енді шешілді. Құрылыс жұмыстары бір жылға дерлік уақытқа созылды. Бұл бағытқа бюджеттен 870 млн теңге жұмсалған.

Мұхтар Оңғарбаев, Сайрам ауданының тұрғыны:

- Жолда жүру мүмкін емес еді ғой. Беловодқа жетудің өзі хикая еді. Шұңқыр-шұңқыр. Биыл енді көктемнен бері, жолды істегелі бері, Құдай жарылқап, әйтеуір зуылдап жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы