Еліміздің үш қаласы мен екі облысында карантин талаптары күшейтілді

Бүгіннен бастап еліміздің үш қаласы мен екі облысында карантин талаптары күшейтілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Атырау мен Қарағанды облыстары. Аталған өңірлерде «Ашық» жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылады. Ал аталған жүйеге тіркелгендер кешкі сегізге дейін қызметін жалғастыра алады. «Ашық көшбасшылары» мәртебесіне ие нысандар түнгі 12-ге дейін келушілерді қабылдайды.

Сондай-ақ бүгіннен бастап мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің 80 процентін қашықтан жұмыс істеуге көшіруге міндетті. Алайда әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары, дәріхана, азық-түлік дүкендерінің жұмысына рұқсат етілген.

Ойын-сауық, спорттық, өзге де бұқаралық іс-шаралар мен отбасылық жиындарды өткізуге тыйым салынады.