Pfizer мен Moderna вакциналары қымбаттады

Pfizer және Moderna компаниялары коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы көтерді.

Бұл туралы Британиялық «Фай-нән-шәл Таймс» басылымына сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Әзірге қымбатшылық Еуропалық одақ елдеріне қатысты. Pfizer 26 процентке, ал Moderna препараттары 13 процентке өскен. Өндірушілер Еуроодаққа 2 миллиард 100 миллион доза екпені 2023 жылға дейін жеткізу бойынша жасалған келісім-шартты қайта қарастырды.