Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 тамыздағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.