Бейімдік өнердің маңызы зор

Елімізде 92 мыңнан аса ерекше бала бар.

Олардың қоғамдағы орнын айшықтап, жан-жақты дамуына ықпал ету маңызды. Түрлі диагноз, түрлі мінез-құлық. Тәні мүкіс болғанымен, жаны жарқын баланың мүмкіндігін шектемейтін не? Әрине, өнер.

Бұл Александр Павлович. Аутист бала. Әңгімеге тартып көріп едік, қиялы ұшқыр екен. Табиғаттан нәр алады. Санасындағы бейнелерді қағазға түсіргенде оның жаны жай табады. Қойын дәптері қолында, түрлі түсті бояуы да дайын. Жас суретшінің шабыты сарқылмасын дейміз.

Елордада 1000-нан аса аутист бала бар. Эмоциясын басқара алмайтыны болмаса, бұл балалар шынайы болмысымен ерекше.

Аутизм дертіне шалдыққан балаларды үнемі коррекциялық бейімдеуден өткізіп отыру керек. Ол үшін психолог, дефектолог, логопедтермен жұмыс істеу маңызды. Әр баланың жан-жақты дамуына түрлі терапия көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, кез келген өнер түрі мүмкіндігі шектеулі баланың демалуына, ем алуына әрі дамуына ықпал етеді. Ал би олардың қоғамдағы орнын айшықтайды. Қимыл-қозғалыс арқылы оның әлеммен үндесуіне мүмкіндік береді. 

Арайлым Төлеутайқызы, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ хореографы:

– Бидің рөлі өте жақсы, емдік пайдасы да зор.

Спорт та ерекше балалар үшін пайдалы. Әсіресе жарыстарға қатысып, жасындай жарқылдайтыны оларды шабыттандырады, тың дем береді. Мұны ата-ана да байқайды екен. Жәнияның қоғамның теңдей мүшесі болғаны анасы үшін мәртебе. 

Әсемгүл Бектұрғанова, ата-ана:

Диагнозы ДЦП. Ең басында каратэге барғанда секіре алмайтын. Нәтижелері болды. Қазір хореография мен жүзуге барып жүр.

Мамандар инклюзивті би бейімдік денешынықтыруды дамыту маңызды дейді. Қуантарлығы сау балалардың ерекше бауырына деген көзқарасы дұрыс.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы