Түркістан облысында ұшақтар коронавирус шашқаны туралы жалған видео таратылуда

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде коронавирус бар деп болжанған цистерналар мен олардың жанындағы ұшақтардың бейнеролигі таратылуда. Бұл – фейк, ал полиция оның авторын ұстады.

«Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері коронавирус жұқтыратын зат шашатын ұшақтар туралы видео авторын анықтап, ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны, қазір кешірім сұрап, жалған ақпарат таратқанын мойындады. Бұған қарамастан, оған қатысты ҚР ҚК-нің 247-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған 1000 АЕК (2 917 000 теңге) дейін айыппұл, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру немесе түзеу жұмыстары жазасы қолданылуы мүмкін.

Шын мәнінде роликте көрсетілген ұшақтар Шымкент қаласының тұрғынына тиесілі. Ол Түркістан облысында жалға алып жатқан егістікті тыңайтуды ұйғарды. Видеода оның АН-2 ұшақтары көрсетілген, олар бөшкелерде сақталған тыңайтқышты шашуға тиіс болған. Қазақстандықтар коронавирус немесе белгісіз у шашу туралы жалған ақпаратты бұған дейін де таратқан», - делінген stopfake.kz хабарламасында.