425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Карантинді бұзғандар тікелей эфир жүргіземіз деп ұсталды

  • 130
  • UPD: 12:27, 02.08.2021

Нұр-Сұлтанда тойлау үстінде тікелей эфир жүргізген адамдар карантинді бұзғандары үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ағымдағы жылғы 1 тамызда Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан Какие люди ресто-бардың карантин режимін бұзғаны анықталды. Мониторингілеу тобы келген кезде ақпарат расталды. Мекеме Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салуына қарамастан, жұмыс істеген.

Ресто-бардың ішіндегі келушілер көңіл көтеріп, караокемен ән айтқан, санитарлық нормаларды бұзған. Сондай-ақ әлеуметтік желіге шығып, тікелей эфир жүргізген. Столдар жасалып тұрған және келушілерін күтіп тұрған. Мекеме иесіне қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБК 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жолданды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, әкімдік қызметкерлерінен, волонтерлардан және полицейлерден құрылған мониторингілеу тобы карантин режимін анықтау бойынша рейдтік шараларды жүргізуді жалғастыруда. Азаматтар қолданыстағы қаулыға қарамастан, осы уақытқа дейін ойын-сауық мекемелерінен бас тартпай жатыр. Мобильді топтар демалыс күндері 155 кәсіпкерлік объектіні тексеріп, 40 бұзушылықты анықтады.

Хабар 24 телеарнасы