425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын жасап шығарды

  • 165
Қарағандыда фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын жасап шығарды

Қарағандылық фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын жасап шығарды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы фармацевтика кешенің Telegram парақшасында жарияланды.

Қарағанды фармацевтикалық кешені ел азаматтарын вакцинациялау үшін «Спутник V» препаратының 5 млн дозасын жеткізу бойынша міндеттемелерін уақытында орындап, коронавирусқа қарсы ресейлік ҒЗО-ның препаратын шығару және жеткізу бойынша жаңа міндеттемелер алды.

ҚФК мен СҚ-Фармация арасында азаматтарды вакцинациялау үшін тағы «Спутник V» екпесінің 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасалды.

Шартты орындау мерзімі 2021 жылғы тамыз-қыркүйек айлары.

Келісімшарт талаптары бастапқы кезеңдегідей (ҚР 5 млн дозамен қамтамасыз ету) толық көлемде сақталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы