425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанай облысының бірқатар ауданында шөп тапшы

  • 197
  • UPD: 17:40, 02.08.2021
Қостанай облысының бірқатар ауданында шөп тапшы

Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында шөп тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен. Ауылшаруашылық басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, аталған аудандарда қажетті шөп мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың басқа аудандарында жағдай жақсара бастады. Мысалы, Ұзынкөл ауданы мал азығы қорының 80 процентін дайындап алған. Десек те мұндағы шаруалардың өзі қыс қалай болар екен деген алаңдаулы күйде.

Василий Клименко, шаруа қожалығы директорының орынбасары:

- Біз өзімізге 1500 тонна шөп дайындадық. Оның өзі аздық етіп отыр. Сондықтан мал басын қысқартуға мәжбүр болдық. Шамамен 100 бас ірі қараны сойысқа жібердік. Биылғы жасыл орақ нақаны өте қиынға соқты. 25-30 шақырым қашықтан шөп тасуға тура келді. Шығын шаш етектен.

Хабар 24 телеарнасы