Қызылорда облысында COVID-19 шалдыққан 57 бүлдіршіннің екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылорда облысында вирус жұқтырғандар қатары артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы айда облыстық балалар ауруханасындағы инфекциялық орын 20-дан 90-ға дейін көбейтілген. Коронавирусқа шалдыққан 57 бүлдіршіннің екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал ауруханалар жоспарлы емделушілерді қабылдауды тоқтатқан. Осылайша тағы 20 инфекциялық орын ашу жоспарланып отыр. Коронавирус ересектер арасында да өршіп тұр. Соңғы тәулікте өңірде 206 адамнан анықталған. Бұл карантин талаптарын жиі бұзудың салдары дейді дәрігерлер.

Әлия Әбдіқайымова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Шілде айының өзінде 3387 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылдың 2020 жылы тіркелген аурумен теңесіп отыр. Яғни Біз 2020 жылы тіркелген бүкіл ауруды бір-ақ айда беріп тұрмыз. Өткен жылы 3392жағдай тіркелген болатын.

Зоя Көшенова, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Осы балалардың тарихын жинаған кезде олардың анасы, туған-туысқандары, ковид инфекциясымен контактіде болғандар. Балаларыңыз үшін үйде болыңыздар.