Түркістан облысындағы әрбір тойхананы полиция қарауылдайды

Өңір басшысы осындай тапсырма берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері 600 жасырын той болған. Облыс «қызыл аймақта» тұрса да, тұрғындар карантиндік шектеулерді ескермейді дейді мамандар. Кезекті рейд барысында мобильді топ Сайрам ауданындағы демалыс орындарының бірінде өтіп жатқан салтанатты жиынның үстінен түскен. Оған дейін Шардара және Сарыағаш аудандарында бірнеше үйлену тойы әшкере болған еді. Полицейлер жыл басынан бері үш мыңнан астам талап  бұзу дерегін тіркеген. Айыппұлдың жалпы көлемі 200 милиион теңгеге жуықтайды.

Әлихан Әлентаев, облыстық пд жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Келес ауданының мобильдік тобымен Келес ауданының тұрғыны 200-ге жуық адамды жинап, үйлену тойын өткізіп жатқан дерегі анықталды. Тойхана иесіне және той өткізген азаматқа қатысты тиісті құжаттар жинақталып, тиісті ұйымға жолданды.