424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанай облысының бірқатар ауданында мал азығы қурап кеткен

  • 187
  • UPD: 20:46, 02.08.2021
Қостанай облысының бірқатар ауданында мал азығы қурап кеткен

Биылғы құрғақшылық шаруа баққан ағайынға қиын соғып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы қысты болжау қиын. Өйткені шөп жоқ. Қостанай облысының Жітіқара, Денисов және Бейімбет Майлин аудандарында аптап ыстық пен қуаңшылықтың салдарынан көк қурап кеткен. Ауылшаруашылық басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл аудандарда қажетті мал азығының тек жартысы жиналған. Ал облыстың өзге аудандарында жағдай біршама тәуір. Мысалы, Ұзынкөл ауданы мал азығы қорының 80 процентін дайындапты. Десек те мұндағы шаруалардың өзі қыс қалай болар екен деп алаңдаулы.

Василий Клименко, шаруа қожалығы директорының орынбасары:

- Біз өзімізге 1500 тонна шөп дайындадық. Оның өзі аздық етіп отыр. Сондықтан мал басын қысқартуға мәжбүр болдық. Шамамен 100 бас ірі қараны сойысқа жібердік. Биылғы жасыл орақ науқаны өте қиынға соқты. 25-30 шақырым қашықтан шөп тасуға тура келді. Шығын шаш етектен.

Хабар 24 телеарнасы