ШҚО-да 550-ден астам күл-қоқыс үйіндісі табылды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері ғарыштан бақылау арқылы 550-ден астам күл-қоқыс үйіндісі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді коммуналдық қызмет оларды арнайы полигонға тасиды. Жыл соңына дейін толық тазарту жоспары тұр. Тек Өскемен қаласы бойынша 9 мың текше метр қоқыс арнайы полигонға жеткізілген. Мамандардың айтуынша, қазір тұрмыстық қалдықтарды табиғат аясына үйіп тастап кететіндердің жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін экологтар кез келген уақытта рейдке шығады. Ал айыппұл мөлшері 120 мың теңгеге жуық.

Роллан Тұраров, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

- Біз қазір Красин кентінде тұрмыз. Міне, ту сыртымызда үйіліп жатқан қоқысты тазартып жатыр. Былай қарасаңыз, арнайы қоқыс полигоны осы жерге тиіп тұр. Бірақ тұрғындар соған жетпей орта жолдан төгіп кетіп қалған. Сондықтан барлық тұрғынды өз ортамызға жанашырлықпен қарауға шақырамын. Өзіміз, балаларымыз тұратын өлкемізді ластамауға үндегім келеді.

Сондай-ақ...