Семейде жалған екпе құжатын жасағандар ұсталды

Семейде жалған вакцинация паспортын жасап,сатпақ болған екі медицина қызметкері ұсталды деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицияның хабарлауынша, медициналық-әлеуметтік мекемеде істейтін маман заңсыз қызметіне 15 мың теңге алып отырған. Сөйтіп ол ақшаны жедел медициналық көмек орталығында жұмыс істейтін әріптесімен бөліскен. Сыбайласы белгілі бір азаматтың вакцина алғандығы туралы деректі орталық базаға енгізіп отырған. Әзірге 30-дан астам тұрғынның жалған құжат жасатқаны белгілі болды. Бұдан бөлек, Өскеменде 15 мың теңгеге ПТР тестің теріс нәтижесін жасауға көмектесем деп хабарландыру таратқан 34 жастағы ер адам ұсталды. Енді ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалған вакцинация паспортын жасағандарға да заң қатаң.

Сағат Мәдиев, облыстық ПД бастығы:

- Медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізумен квалификацияланады. 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Осындай фактілерге полиция жедел түрде әрекет етеді, өйткені олар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ...