Петропавлдағы белгілі сауда үйінің қызметкерлері «Хабар» арнасының түсіру тобына күш көрсетті

CҚО-да 50 кәсіпкерлік нысан Ashyq жүйесінен шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар келушілердің QR кодын сканерлемеген.Өңірде әрине талапты бұлжытпай орындайтындар да бар. Қазір 1200-ден аса мекеме мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді. Олардың арсында Петропавлдағы белгілі сауда үйі де бар. Бұл орталық Ashyq жүйесі арқылы жұмыс істейді. Тек біздің түсіру тобымыз келгенде сол жердің қызметкерлері тілшілерге күш көрсетіп, ішке кіргізбеген. Осы жағдай бойынша өңірдегі тілшілеріміз полицияға арыз түсірді. Журналистік қызметке кедергі келтіргені үшін мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалуға тиіс. Сол себепті жағдайды бақылауда ұстайтын боламыз.