425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанай облысында вакцина салғызғандар ұтысқа қатысты

  • 129
  • UPD: 09:43, 03.08.2021
Қостанай облысында вакцина салғызғандар ұтысқа қатысты

Вакцина алған Қостанай облысы тұрғындарының арасында ұтыс ойнатылды. Екпе салдырғандар айфон телефоны және басқа да бағалы сыйлықтарды иелене алады.

Ең басты талап өңірдегі қандай да бір емханада тіркеуде тұруы қажет. Жеңімпаздар әлеуметтік желіде онлайн жүйесі бойынша, кездейсоқ сандардың түсуі бойынша анықталды. Бағалы телефондарды алуға жергілікті кәсіпкер қаржылай көмек көрсеткен. Ол өзінің аты-жөнін, қызметін жариялағысы жоқ. Ұтыс ойынының нәтижесі бойынша сыйлық игерлеріне қосымша хабарлама жіберілетін болады.

Әнуар Едрісов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Егер жеңімпазға хабарласа алмасақ, мұндай шараны енді өткізбейміз. Қайтсек те жеңімпазды тауып, сыйлығын табыс етеміз. Біздің базада мәліметтер бар. Электронды денсаулық құжаты арқылы мекен-жайын анықтай аламыз.

Хабар 24 телеарнасы