Қазақстан тағы 8 млн доза вакцинаға тапсырыс берді

Бүгінгі күні шамамен 9,4 млн доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде 1-компоненті бойынша 5 480 094 адам егілді, бұл тиісті халықтың 55,4%-ін құрайды.

Екінші компонентпен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8%-і қамтылған.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Министрлік 4 млн адамға 8 млн дозаны қосымша жеткізуге келісімшарттар жасады. Жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде. Осыған байланысты республикада халықтың вакцинациялауға қолжетімділігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген», - деді.