4 тамызда «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі жария болады

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі ертең жария болады.  Бүгін онлайн сот отырысында Берік Шәріпке соңғы сөзін айтуға мүмкіндік берілді.

Шәріп денсаулық сақтау саласында адал қызмет атқарғанын және тағылған айып бойынша өзінің кінәсіз екенін айтты.

Естеріңізге салсақ, «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы былтыр жазда қамауға алынған еді. Шәріпке өзі басқарған компания қорғаныш киімдерді дер кезінде жеткізбей, салдарынан медицина қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды деген айып тағылған.  Бұдан бөлек айыптаушы тарап қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартуды сұрап отыр.