Малы қырылған Маңғыстау жұртына көмек легі толастар емес

Қуаңшылықтан малы қырылған Маңғыстау жұртшылығына көмек легі толастар емес. Өңірлерден тасымалданған мал азығы Шұбарқұдық ауылына жеткізілді. Оны ақтөбелік еріктілер жіберген. Аймаққа келген өзге де  шөпті Ақтаулық волонтерлер Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр мен Сайын ауылына да алып барды. Оны осындағы  аз қамтылған отбасыларға тегін таратып берді. 

Тастемір Әліпбишев, ауыл тұрғыны:

- Мен 5 тук алдым. Кемпірім ІІ-топ мүгедегі 5 тук алды. Себебі бір үйден 2 адамға деді. Онысы да дұрыс болар енді. Қорада тұрған малыма тек 1 күнге жетеді. Сатып алып отырмын. Даладан жемдеймін арпамен.