423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Вакциналардағы алюминий Альцгеймер ауруын тудыратыны туралы ақпарат дәлелсіз

  • 150
  • UPD: 14:20, 03.08.2021
Вакциналардағы алюминий Альцгеймер ауруын тудыратыны туралы ақпарат дәлелсіз

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кейбір вакциналар құрамындағы алюминий оксидтері мен тұздарының зияны туралы бейнеролик таратылуда. Мұндай адъювант Альцгеймер, аутизм және басқа да аурулардың дамуына ықпал етеді. Шындығында бұған ешқандай дәлел жоқ, деп хабарлады stopfake.kz.

«Видеода вакциналардағы алюминий адамдар үшін қауіпті және бірқатар ауруды тудыратыны туралы мақалалардың авторы доктор Кристофер Шоудың сөйлеген сөзінен үзінділер келтірілген. Шоудың осы мәселеге арналған алғашқы мақаласы 2011 жылы жарық көрді, содан кейін басқа дәрігерлер мен мамандар тарапынан үлкен сынға ұшырады.

2017 жылы Шоудың өзі зерттеуінің дұрыс емес екенін және берілген мәліметтер өзгертіліп, манипуляцияға бейім екендігін мойындады. Бұл оқиға жалпы Шоудың мансабына көлеңке түсірді, адамдардың көбі ғалымның мәлімдемесіне мән беру керек пе деп ойланып қалды. Шын мәнінде аморфты алюминий гидроксифосфат сульфаты, алюминий гидроксиді, алюминий фосфаты және калий алюминий сульфаты 1930 жылдардан бастап вакциналарда адъювант ретінде қолданылып келеді. Мұндай препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген, ал Альцгеймер ауруы немесе аутизмнің дамуына байланысты вакцина алу жағдайлары тіркелген жоқ.
Алюминий Альцгеймер қаупін арттырады деген идея бұрыннан бар, доктор Шоудың зерттеуі жарияланғанға дейін де болған. Металдар мен аурулардың байланысы туралы болжамдар алғаш рет 1965 жылы айтылды. Ол кезде алюминий ыдыста дайындалған тамақ пен судағы метал миға түсіп, оны бұзады деп саналды. Алайда, одан әрі зерттеу барысында бұл теория расталмады. Ғалымдар сау адамдардың миынан алюминий бөлшектерін тапты, бұл металл Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды.

Кейіннен алюминийдің миға әсері туралы теорияны антивакцинаторлар белсенді түрде тарата бастады. Алайда, бала кезінде полиомиелитке, сіреспеге, тұмауға және дифтерияға қарсы вакцина алған адамдардың Альцгеймер ауруына шалдығу қаупі төмен деп болжауға мүмкіндік беретін зерттеулер бар. Шын мәнінде вакциналардағы тұздар немесе алюминий оксидтері денсаулыққа айтарлықтай әсер ете алмайды, өйткені олардың мөлшері өте аз. Құрамында алюминий бар адъюванттар суда ерімейді, қан тамырларына енбейді және бүкіл денеге таралмайды.

Осылайша, алюминий негізіндегі адъюванттар денеге зиян келтіріп, аутизм мен Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін деп айтуға толық негіз жоқ. Бұл теорияны растайтын ғылыми дәлелдер де жоқ. Қазнет пайдаланушылары сүйенген доктор Шоудың зерттеуі дәйексіз деп танылды және автордың өзінің өтініші бойынша кері қайтарылып алынды, тиісінше, ақпараттың сенімді дерекккөзі бола алмайды», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы