425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада тағы бір жағажай ашылуы мүмкін

  • 159
  • UPD: 15:19, 03.08.2021
Елордада тағы бір жағажай ашылуы мүмкін

Елорда аумағында тағы бір рұқсат етілген жағажай ашылуы мүмкін. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Ратбек Демеуберген мәлімдеді.

Айтуынша, Триатлон паркі ауданындағы жағажайды шомылуға рұқсат етілген обьектілер тізіміне енгізу жұмысы жүріп жатыр. Әзірге қала бойынша тек 3 жағажайда шомылуға рұқсат бар. Басқарма басшысы суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Әсіресе су жағасында балаларды қараусыз қалдырмау қажет. Жаз басталғалы 8 адам суға кетіп ажал құшқан. Оның төртеуі бала.

Хабар 24 телеарнасы