4 тамызға арналған ауа райы: 42 градусқа дейін ыстық, өрт қаупі

4 тамызға арналған ауа райы: 42 градусқа дейін ыстық, өрт қаупі

Еліміздің көптеген өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарланды Хабар 24.

4 тамызда Түркістан облысында күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Облыстың кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. 42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Алматы облысында және Талдықорғанда 36 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Күндіз 4 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: күндіз 4 тамызда 35 градус қатты ыстық сақталады.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

4 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде түман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.