425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды

  • 141
Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды

Алматыда заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар жалға беруші мен ұйымдастырушылар сотталды, деп хабарлайды Хабар 24 ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті компьютерлік клубтың қызметі түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында көлеңкелі айналымнан ставкаларды қабылдау, ұтыстарды есептеу және беру функциялары және онлайн-казино ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшалары бар 104 ойын компьютерлерінің жиынтығы тәркіленіп алынды.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде кіріс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан басқа, 5,5 млн.теңгеден астам мөлшерде заңсыз кіріске ие болған заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайды жалға берген жалға берушіге қатысты үкім шығарылды.

Сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

ҚР ҚМА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ заңсыз құмар ойындарға жалға үй-жай ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Хабар 24 телеарнасы