423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдері жұмысына кірісті    

  • 199
  • UPD: 18:41, 03.08.2021

Ауылдық округ әкімдері өздерінің сайлауалды бағдарламасында көтерген мәселелерін «Жол картасы» аясында шешеді.

Алматы облысында бұл бағытқа басымдық берілмек. Өйткені халықтың 80 проценті ауылда тұрады. Жаңадан сайланған 71 әкімге бірқатар міндет жүктелді. Қызметіне кіріскен лауазым иелеріне тұрғындармен етене жақын танысу қажет. Сондай-ақ олар жұмысты ұйымдастыруда ақсақалдар алқасымен кеңесуі тиіс.

Венера Берікова, Ойтоған ауылдық округінің әкімі:

– Біздің Ойтоған ауылдық округінде 54 мың гектардай жер бар. Оның 1200-ден астамы суармалы жер. Сол суармалы жерлерге су жеткізу қажет, содан кейін толыққанды ауылшаруашылығымен айналысамыз. Өзім ауыл шаруашылығы маманы болғандықтан, ауылыма өзімнің пайдамды тигізсем деймін.

Хабар 24 телеарнасы