ШҚО-да карантинді бұзғандар айыппұл арқалады

Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша үйде оқшаулану талабын бұзған 12 адам жауапқа тартылды.

Олардың әрқайсысына 30 айлық есептік көрсеткіш сомасында айыппұл салынды. Карантин ережесін сақтамағандар Ashyq жүйесі арқылы анықталған. Олардың дені Семей мен Өскемен қаласының тұрғындары. Бүгінде өңірдегі індет жұқтырған 88 адамның халі мүшкіл.