Елімізде науқастардың 99,9%-і вакцина салдырмағандар болып шықты

Елімізде екпе салдырғандардың 0,1%-і ғана коронавирус жұқтырған.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл иммундаудың қауіпсіздігі мен тиімділігін растайды. Ал дертке шалдыққандардың және ауру қатты тиіп жатқандардың 99,9%-і – вакцина алмаған азаматтар.