ШҚО: ауру таратушылар арамызда жүр

Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтырып, дәрігерлерден үйден шықпау жөнінде ескерту алған 12 адам бұл талапты орындамаған.

Олардың әрқайсы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Бұлар Ashyq жүйесі арқылы анықталған. Дені Семей мен Өскемен қаласының тұрғындары.

Айта кетерлігі, қазір өңірде вирус жұқтырған 88 науқас ауыр халде жатыр.