Тоқаев Ішкі істер министріне бірқатар тапсырма берді

Елімізде кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық азайған.

Кәмелеттік жасқа толмағандар да заң бұзуды азайта түскен. Алайда интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны артқан. Бұл туралы президенттің қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Министр қазіргі криминагендік ахуал мен ішкі істер органдарының жұмысы туралы баяндады.

Бұдан бөлек жалған вакциналау паспорттарын таратуға қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Жыл басынан бері полиция органдары жалған вакциналау паспорттарын және ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғаған.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ширатуды тапсырды.