Журналистерге қоқан-лоққы көрсеткен күзет қызметі сот алдында жауап бере ме?

Петропавлда журналистерге күш көрсеткен ірі сауда ойын-сауық орталығының қауіпсіздік қызметіне қатысты қылмыстық іс  қозғалды.

Бұған күзетшілердің дөрекі іс-әрекеті себеп. Олар республикалық телеарна тілшілерінің қоғамдық орындағы жұмысын заңсыз деп әрекет жасаған. Тіпті көпшілік орындарда журналистердің емін-еркін жұмыс істеуіне рұқсат етілетіні туралы ҚР заңнамасында көрсетілген бапты қаперге алмаған. Сауда үйінің ішкі ережелеріне сүйенген күзетшілер журналистерді сауда павильонынан сүйреп шығарған.

Төлеген Иманов, телеоператор:

– Біздің тарапымыздан ешқандай заңсыздыққа жол берілген жоқ. Біз тек қана жұмысымызды атқардық. БАҚ туралы заңның «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау», яғни 158 бабымен  қорғалатынымызды бірнеше мәрте түсіндіруге тырыстық. Бірақ бізді ол сендердің жұмыстарың деп қуып шықты. Әйтеуір қолымыздағы техниканы сындырмай сақтап қалдық. Ұшып кеткен кейбір бөлшектерін жинап алдым.