425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Иесіз жылқыларға салынатын айыппұл көлемі артпақ

  • 214
  • UPD: 21:17, 03.08.2021
Иесіз жылқыларға салынатын айыппұл көлемі артпақ

Иесіз жылқылар қаланың қақ ортасындағы шағынауданда жайылып жүр.

Дәл осындай көріністі тұрғындар «Ақбота» саябағында, 1-ші, 8-ші, 20-шы шағынауданда көріп, бейнежазбаға түсірген. Айтуларынша, даладан қорек таппаған қылқұйрықтылар қаланың көркін бұзып, қоқыс қалдықтарын шашып тастайды.

Жергілікті билікке бұл мәселе жақсы таныс. Жылқылар жақын маңдағы Мұнайлы, Ақшұқыр және Өмірзақ ауылынан келеді,-дейді. Сондықтан сол маңға 4 топты қарауылға шығарып, жолдың шетіне шұңқырлар қазған. Ай сайын 100-ден аса жылқы қамалады.

Серік Гусман, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

– Бірінші мәрте болса, ескерту, қалған жағдайда әкімшілік жаза қарастырылған. Биыл ғана 30 әкімшілік хаттама толтырылды. 3 АЕК-30 АЕК дейін қаржылай айыппұл төлеуге міндеттеледі. Қала аумағында бұл жұмысты күшейтеміз. Мал иелері әлі күнге дейін немқұрайлылық танытып, үй жануарларының қала аумағына кіріп кетуі жиі болып тұр. Сондықтан негізгі жолы – айыппұлдың санын құнын көбейту.

Қораға қамалған жылқының иесі 6 айға дейін келмесе, малды әкімдік өз меншігіне ала алады. Жем-шөпке шыққан шығынды өтеу үшін ет бордақылау комбинатына жібереді. Айта кетейік, биыл жазық далада шөптің жоқтығынан жылқылар қырылған болатын. Шаруалар шаш етектен шығынға батты.

Авторлары: Әйгерім Ашықбаева, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы