425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаңа қаулы: қоңыр-қызыл аймақтарда суда серуендеуге тыйым салынды

  • 136
  • UPD: 21:07, 03.08.2021
Жаңа қаулы: қоңыр-қызыл аймақтарда суда серуендеуге тыйым салынды

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер карнатиндік шектеулерге байланысты қаулыға осындай өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Хабар 24.

Жаңа қаулыға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын су көлігі объектілерін қоспағанда, теңіздерде, өзендерде, көлдерде, су қоймаларында ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар және басқалар) пайдалануға тыйым салынды;

«қоңыр-қызыл» аймақтарда демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоса алғанда, теңіздерде, өзендерде, көлдерде, су қоймаларында ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және басқалары) пайдалануға тыйым салынды;

Өңір  «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа  немесе  «сары»  аймақтан «жасыл» аймаққа  ауысқан кезде «Кәсіпкерлік объектілерінде  «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының 2, 4-қосымшаларына сәйкес талаптарды қатаң қамтамасыз ету тапсырылды.

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ж. Уразалина қаулының орындалуын бақылауды өзі қадағалайтынын және осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетінін ескертті.

                                                

Хабар 24 телеарнасы