Вакцинаның тиімділігі байқалды

Алматыда эпидахуал әлі де жақсармай тұр.

Соңғы тәулікте мегаполисте инфекция жұқтырған 1 мың 531 адам тіркелген. Олардың 241-і бала.

Жалпы, қала бойынша денсаулық сақтау ұйымының 28 мекемесі инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеп тұр. Оларда 4852 науқас емделіп жатыр. 163-інің жағдайы өте ауыр. Ал осыдан үш апта бұрын үйде ем алып жатқан науқастардың саны мың жарымның шамасында ғана болатын, – дейді мамандар. Дәрігерлер вакцина алған науқастардың тез жазылып жатқанын айтады.

Жанар Сәпиева, Қалалық «Физиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК Директоры:

– Вакцина алған және вакцина алмаған науқастардың клиникалық жағдайы әр түрлі. Яғни зақымдану пайызы бірдей болса да вакцина алған науқастар тез жазылып жатыр. Сондай-ақ оларда емделудің тиімділігі вакцинацияланбаған науқастарға қарағанда әлдеқайда жақсы. Мысалы, жансақтау бөлімінде емделу ұзақтығы, вакцинацияланған науқаста шамамен 10 күн болса, ал екпе алмаған науқастар 20 күнге дейін немесе одан да көп уақыт жансақтау бөлімінде жатады.