Қарағандылық зейнеткер үйінің бір бөлмесін вагон купесіне айналдырған

Қарағанды қаласының тұрғыны Рамазан Түсіпов үйінің бір бөлмесін кәдімгі вагон купесіне айналдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теміржол саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагер осылайша, жұмысқа деген сағынышын басады екен. Ол аз уақытта балалар бөлмесін жабдықтап, барынша пойыздың шынайы атмосферасын беруге тырысқан. Купе терезесінің орнындағы үлкен экран жүйткіп келе жатқан отарбаны елестетеді. Ал вагонның басқа да жабдықтарын табуға бұрыңғы әріптестері көмектесіпті. Автордың айтуынша, әсіресе, стақан сауытын табу оңайға соқпапты. Қазір мұнда немерелері жатады.

Рамазан Түсіпов, зейнеткер:

- Бұл жерге кей күндері өзім де келіп тынығамын. Пойызда келе жатқандай әсер аламын. Ал вагонда үнемі ұйқы келетіні, тамаққа тәбет ашылатыны және қасыңдағы жолсерігіңмен әңгіме дүкен құрғың келетіні анық.