Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды. Мәліметті облыс әкімдігі растады.

Баспасөз қызметі өкілдері оның коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді. Ұлан Жазылбек 58 жаста болған. Бұл қызметке ол 2020 жылдың мамырында тағайындалған. 

Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және 2009 жылы Д.А. Қонаев атындағы университті заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

2017 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың мамырына дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.