Қазақстан Өзбекстанның құрылыстағы баға белгілеу жүйесін жетілдіруге көмектеседі

Өзбекстан Республикасының Құрылыс министрлігі Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) баға белгілеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу туралы келіссөздер жүргізуде.

Құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес 2 тамызда онлайн режимде өтті. Кездесу барысында тараптар «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Өзбекстан үшін «Ғимараттардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының жеке-дара сметалық бағалары» жинағын әзірлейтіні туралы уағдаласты.

Жүйені жаңғырту шеңберінде Қазақстан мен Өзбекстандағы баға белгілеу жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізіледі, құрылыс материалдары, қызметтері мен жабдықтары туралы ақпаратты жинау жүйесінің әдістемесі әзірленеді. Сондай-ақ BIM жіктеуішімен байланысты болатын құрылыс материалдарының жіктеуіші әзірленетін болады.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі