425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп ақталып шықты

  • 221
  • UPD: 18:56, 04.08.2021

Сотқа тартылған «СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп бүгін ақталып шықты.

Сөйтіп, соттың үкіміне сәйкес Шәріп дереу тергеу изоляторынан босады.

Еске сала кетсек, Шәріпке өзі басқарған компания былтыр көктемде қорғаныш киімдерін уақытылы жеткізбей, салдарынан медицина қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды деген айып тағылған еді. Алайда Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Бисембиев бүгін шығарған үкімінде айыпты емес деп таныды. Дегенмен, «СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы 13 жыл бұрын сатып алған тапаншаны уақытылы тіркемегені үшін айыппұл төлеуі тиіс. Мөлшері 2 млн теңгеден асады.

Естеріңізге салсақ, Берік Шәріп былтыр 14 тамыз күні қамауға алынған еді. Бір жылға созылған тергеуге 500-ге жуық куәгер тартылды. Сондай-ақ келтірілген моральдық зардап үшін «СҚ Фармацияның» басшысы айыптаушы тарапты, яғни денсаулық сақтау министрлігін сотқа бере алады.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

 «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты атышулы іс жаңаша сипат алды

28 маусымда «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта тергеледі

Елжан Біртанов былтырғы дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты түсініктеме берді

«СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы қаруды заңсыз сақтады ма?

Хабар 24 телеарнасы