Қызылорда облысында инфекциялық стационарлар науқасқа тола бастады

Қызылорда облысында соңғы тәулікте 198 адам коронавирус жұқтырған. Қазір инфекциялық стационарлар тола бастады. Жергілікті ауруханалар науқастарды жоспарлы түрде қабылдауды тоқтатты. Үйінде ем алып жатқандарға 138 мобильді топ қызмет көрсетуде. 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші: 

- Көп салалы қалалық аурухана 20 күннен бері инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеп тұр. Жоспарлы емделушілерді қабылдау тоқтатылған. Барлық бөлімшелер ковидпен күреске жұмылдырылып отыр.

Қалалық ауруханадағы төсек орындар 97 процентке дейін толды. Барлығы 209 адам ем қабылдауда. Олардың 16-сы реанимация бөлімінде жатыр. Екпе алмай ентіккендердің жағдайы өте ауыр.

Бауыржан Төлеген, қалалық аурухананың бас дәрігері: 

- Бастапқы кезде аурухана 14 шілдеде ашылған кезде күніне 20-25 науқас қаралған болса, қазір соңғы күндері 50 науқасқа дейін қабылдау бөлімінде жедел жәрдеммен емхана жолдамасымен жеткізіліп жатыр. Осы емделіп жатқан науқастардың арасында айта кететін жағдай барлығы дерлік вакцина алмаған науқастар болып табылады.

Өңірде вирус жұқтырған балалар қатары артып барады. Осы айда облыстық балалар ауруханасындағы инфекциялық төсек орны 20-дан 90-ға дейін көбейтілген. 57 бүлдіршіннің екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Зоя Көшенова, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Осы балалардың тарихын жинаған кезде бұл балалардың анасы, туған-туысқандары, жан-жағы ковид инфекциясымен контактіде болғандар. Сонымен бірге айта кеткім келеді, балаларда ковид ауруы әрі қарай күрделенбес үшін, жиілемес үшін ең бірінші өзіміздің қолымызда тұрған нәрсе деп есептейміз. Ата-аналар көпшілік жерге барамаса. 

Облыстағы инфекциялық стационарларда барлығы 1232 адам ем алуда. Олардың 97-сі реанимация бөлімінде жатыр.

Жалғасбек Үсенов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Күнделікті вакцинациямыз бар. Жүкте әйелдердің тіркеліп қаралуы, үй жағдайында балалардың қаралуы, бірінші функцияларының барлығын біз осы жерден бақылап отырамын боламыз күнделікті.

Жыл басынан бері аймақта 7757 адамнан ковид анықталған. Олардың жартысына жуығы шілде айында тіркеліп отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл карантин талаптарын ескермеудің салдары.

Әлия Әбдікайымова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Шілде айының өзінде 3387 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылдың 2020 жылы тіркелген аурумен теңесіп отыр. Яғни Біз 2020 жылы тіркелген бүкіл ауруды бір-ақ айда беріп тұрмыз. Өткен жылы 3392жағдай тіркелген болатын.

Облыста инфекциялық төсек орын саны 1200-ден 2 мыңға дейін көбейтілген. Қазіргі уақытта стационарлар жүктемесі 63 проценттен асты. Мамандар тапшылық байқалған байқалған жағдайда  орын санын 3200-ге дейін жеткізуге мүмкіндік бар дейді. 

Нұрлан Жақыпбеков, Альхайдар Турлыханов, Айтмухамбет Байдулдаев