Төрт жыл бұрын елімізде 18 миллионыншы адам да Алматы облысында дүниеге келген

Еліміздегі 19 миллионыншы адам болып тіркелген нәрестенің ата-анасына бүгін 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Күллі қазақ құттықтып жатқан отбасы Алматы облысының Іле ауданындағы Шапай ауылында тұрады.

Анасының ыстық құшағында мейірімге бөленіп жатқан нәрестенің есімі Жания Азаматқызы. Ол шілденің 20-сы күні Алматы қаласындағы перзентханада 4 келі 57 см болып өмірге келді. Оның еліміздегі 19 миллионыншы адам екенін ата-анасы кеше ғана учаскелік дәрігерден білген. 

Назгүл Балтабайқызы, анасы:

- Түнгі 11 шамасында естідік. Туа сала міне Қазақстанға Жанияның арқасында танымал болып отырмыз.  Шыны керек, сөз жоқ айтатын.

Шаңырақты шаттыққа кенелткен Жания Азамат Әбілғаппарұлы мен Назгүл Балтабайқызының отбасындағы 4-бала. Оның алдында әпкелері  бар. Көптен күткен сәбидің болашағына ата-анасы зор үмітпен қарайды.

Азамат Әбілғаппарұлы, әкесі:

- Үлкен үміт күтем қызымнан болашақта еліміздің қалаулы да сыйлы азаматы болады деп сенеміз. Соған тырысамыз тәрбие беруге екі әпкесі бар соған күш саламыз.

Мемлекет басшысының  құттықтауынан кейін жергілікті билік өкілдері көпбалалы отбасыға  тарту таралғы жасады. Қаржылай сыйақы табыс етті. Мұндай айтулы оқиға Алматы облысында екінші рет қайталанып отыр. 4 жыл бұрын Талдықорғанда 18 миллионыншы нәресте өмірге келген болатын.

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев