Денсаулық Құдайдың берген аманаты – ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен жергілікті дін қызметкерлерінің 95 проценті вакцина алған.

Мамандар қауіпті індетпен күресте екпе алу ең тиімді шешім екенін айтады.

Наиб мүфти Ершат Оңғаровтың айтуынша, жалпы мұсылман дінінде вакцина шариғатқа қайшы емес. Төніп тұрған қауіптің алдын алу міндет саналады.

Ершат Оңғаров ҚР ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти:

- Екпе, вакцина алуға шариғат қарсы емес. Себебі денсаулық Алланың берген аманаты. Сол үшін де осы аманатты сақтау әрбір мұсылманның міндеті. «Ауырып қалсаңдар дәрігерге барыңдар» деп Пайғамбарымыз өсиет еткен. Қазір коронавирус індетінің адам өміріне өте қауіпті екенін көріп отырмыз. Жақын туыстарымыз ауырып, тіпті қаза болып кетіп жатыр. Сондықтан мұсылман үшін төніп тұрған қатердің алдын алу міндет. Алла Тағала Құран Кәрімде айтады: «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге тікпеңдер. Сақтаныңдар».

Сондай-ақ...