Екпе алғандардың ағзасынан антиденелер анықталды  

Коронавирусқа қарсы екпе алғандардың басым бөлігінде қан құрамынан антиденелер анықталды.

Клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің зерттеу нәтижесі бойынша отандық QazVac салдырғандардың 79 процентінде, «Спутник V», Hayat-Vax, CoronaVac алғандардың 90-нан астам процентінде және Pfizer мен AstraZeneca ектіргендердің 100% поствакциналық антиденелер табылған. 7 маусым мен 4 тамыз аралығында елордада «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасында 962 пациент талдау тапсырғанын айта кету керек. Оның ішінде 866 адам «Спутник V» вакцинасын, 58 адам Hayat-Vax, 14 пациент QazVac, 12 пациент CoronaVac екпесін, 9 адам Pfizer вакцинасын және 3 адам AstraZeneca салдырған.

Сондай-ақ...