425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бесқарағайда тұрғындардың 70%-і екпе алды 

  • 167
  • UPD: 16:36, 05.08.2021

Шығыс Қазақстанда Бесқарағай ауданы тұрғындарының 70 проценті Covid-19-ға қарсы екпе салдырды.

Ол шамамен 8 мыңнан астам адам. Ал екінші компонентін алты мыңға жуық азамат қабылдаған. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханалардың жүктемесі айтарлықтай төмендеді. Емдеу мекемелерінде коронавирус індетін жұқтырған науқас жоқ, тек 4-еуі ғана амбулаторлық ем қабылдап жүр. Өңір қызыл аймақта болғанымен, эпидемиялық жағдай тұрақты. Шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына медицина қызметкерлері ерекше назар аударып жатыр. Қазір ауданда 1 көшпелі бригада мен 9 вакциналау орны жұмыс істеп жатыр.

Шолпан Батырханова, тұрғын:

– Екінші вакцина алып отырмынжақсы міне әйбат біріншідеде тоже әйбат болды . Қазақтардың бәрі жақсы болсын енді, осындай ауру кетсін енді.

Назерке Сағадиева, дәрігер-эпидемиолог:

– Кері әсерлері ешқандай болмады бәрі жақсы адамдардың көңіл күйлеріде жақсы вакцина алғаннан кейін халық белсенді вакцина егуге келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы