Талдықорғанда мас жүргізуші ұсталды  

Талдықорғанда көлікті мас күйінде жүргізген ер азамат ұсталды.

Subaru көлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлігін байқай сала, олардан қашуға тырысқан. Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы ескертуіне қарамастан, аулалардың ішімен құй-ғытты. Ақыры қолға түскен көлік жүргізушісі 15 тәулікке қамалды. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.