Велосипедпен қашқысы келген: Атырауда есірткі тасымалдаушы ұсталды

Синтетикалық есірткіні велосипедпен тасымалдамақ болған ер адам Атырау полицейлерінен жасырынуға тырысқан, деп хабарлады Polisia.kz.

3 тамыз күні сағат 08:10 шамасында Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және қаладағы патрульдік полиция қызметкерлері Атырау көшелерінің бірінде 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол велисипед жылдамдығын арттырып, тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған. Алайда патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіге қашып кетуге мүмкіндік бермеді.

Тінту кезінде полицейлер 40 қара полиэтилен пакетке салынған синтетикалық «мефедрон» препаратын тапты. Қара нарықтағы есірткінің құны 1,1 млн теңгені құрайды.