Елімізде Ashyq жобасына қатысушылар төрт есеге өсті

Ashyq жобасына қатысушылардың қатары 4 есе өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын жүйеге тек қоғамдық тамақтану орындары тіркелген болса, қазір сауда нысандарының да қатары көбейген. Еліміз бойынша Ashyq жобасына 700-ден астам сауда орталығы мен жабық базарлар қатысады. Белгілі болғандай, бұған дейін күніне «қызыл» мәртебесі бар 184 адам анықталған, қазір 1900-ден астам адам карантин талабын елемеген. Ashyq.kz сайты арқылы күніне 7 700-ден астам «қызыл» мәртебесі бар азамат тіркеледі.